Таңдау
тТ

Айтолды Елігке (бақ) дәулет сипатын айтады

657. Айтолды күлімдеп: «мұны не үшін сұрағаныңды ұқтым, тыңда сөзімді.

658. Қазір мен бұл істерді біліп жасадым. Сен де мұны білуің керек деп жасадым.

659. Міне, мен саған жаңа ғана келдім. Бұл көргенің менің табиғи болмысым.

660. Әуелі орын бердің, мен отырмадым. Маған орын жоқ, сен мұны ұқсын дедім.

661. Сөзімді дәлелдеу үшін, өзімнің неге ұқсайтынымды саған көрсету үшін жерге допты қойдым.

662. Тегіс жерде доп қалай дөңгеленсе, бақ-дәулет те сондай. Мен де айналып жүремін.

663. Жақсы көріп қарағаныңда, көзімді жұмдым. Мен қандай екенімді саған көрсеттім.

664. Бүгінде мен де бақ-дәулетпін, соқыр деп біл. Маған кім жақындаса, оны ұстармын.

665. Сен тағы да сұрадың, мен де жауап бердім. Жақы көріп қарағаныңда жүзімді жасырдым.

666. Мұнымен саған өзімнің болмысымды көрсетіп: «табиғатым айнымалы, маған иланба» дедім.

667. Енді түрікше бір мысал тыңда, басынан бәрін өткізген, ақсақал не деген?

668. Әй, бақ-дәулетті кісі, сен бұл бақ-дәулетке құр сенбе! Даңқты кісі, өзің бұл дәулетке иланба

669. Ағын су, жорға тіл және бақ-дәулет бір орында тұрмайды, дүниені кезіп, тыным таппайды.

670. Бақ-дәулетке сенім жоқ, айнымалы, опасыз. Жүрер, тез ұшар, аяғы тайып.

Елігтің Айтолдыға сауалы

671. Еліг айтты: «Сөзіңнің мәнісін ұқтым. Кінәңді жуып шайдың, жаныңды құтқардың».

672. Енді маған айтып бер, қандай артықшылығың бар? Сөзің өктем, өте жоғары сөйледің

Айтолдының Елігке жауабы

673. Айтолды: «Артықшылығым көп, адамдарға нәсіп келсе, менен келеді» деп жауап берді.

674. Болмысым қарапайым, назар салсаң, жасым да кіші. Бірақ барлық бек ұлықтыққа мен арқылы жетеді.

675. Жүзім, келбетім көрікті, арым таза. Қалаған тілегіме қол жеткіздім.

676. Өзім қайда болсам да, бар қалауым менімен бірге жүреді, тіпті маған өзі байланады.

677. Рахат менде, бейнет менен қашады. Қуаныш та менде, қайғы маған келуге жол таппас.

678. Кім мені менсінбесе, үзіліп өледі. Кім маған басын исе, тілегіне жетеді.

679. Мені ұрғысы келгеннің өзі таяқ жейді (ұрылады). Басқысы келгеннің өзі басылып қалады.

680. Бұған ұқсас мынадай сөз бар, мұны тыңдап ұқсын, өте жақсы білсін.

681. Бақ-дәулет қайда болса, басыңды и де жарас. Егер бақты менсінбесең, қайғымен алысып кетесің.

682. Бақ қонса, шынында адам бақытты болады. Бүкіл тілегімен бірге қалаған нәсібін алады.

Елігтің Айтолдыға сауалы

683. Еліг айтты: «Бұл артықшылығыңды түсіндім. Сенің мінің бар ма, айт, оны да білейін?».

Айтолдының Елігке жауабы

684. Айтолды: «Маған жала жабады. Мінім жоқ болса да, кісілер «бар» деп айтады» деп жауап берді.

685. Мінім сол, адамдар мені «айнымалы» деп, айтыптап жүреді, бір-біріне солай айтады.

686. Қара, айнымалы болғаным менің мінім емес. Мен жаңа нәрсе таңдаймын, өзіме кәміл сенімдімін.

687. Барлық ескі нәрселер қайғыға толы болады. Қайғының артатын жүгі жиіркенішті болады.

688. Жаңа нәрсе тұрғанда ескі не керек? Таңдаулы нәрсе тұрғанда жаманы не керек?

689. Назар салсаң, жаңада барлық тәтті нәрсе болады. Тәттіні қалап қанша дам қатты еңбектенген.

690. Осы болмысым үшін мені «айнымалы» деп сөгеді. Осы атым үшін маған мін тағады.

691. Алып батыр бұған ұқсас сөз айтыпты. Қара, мұның мәнісі бұған дәлел болады.

692. Жаралған нәрсе болса, соңында жоқ болады. Жаратқан Жаратушы не қаласа, сол болады.

693. Өмір дегенің жел секілді өтеді. Қашады, ұстауға болмас, оны кім табады?!

694. Бұл бақ-дәулетке (құтқа) иланба, келеді, кетеді. Иланба, бұл бақ-дәулет (құт) берер және алар.

695. Әй, қозым, бақыт (құт) қандай жақсы нәрсе болар еді, бақ-дәулеттің өзі айнымалы болмаса?

696. Қонған бақ қайта кетпейтін болса, жарқыраған күн қайта қараңғы болмас еді

Елігтің Айтолдыға сауалы

697. Еліг айтты: «Не үшін айнымалы болатыныңды ұқтым. Тастап кеткен кезіңде қайта табудың жолы бар ма?»

Айтолдының Елігке жауабы

698. Айтолды айтты: «Қысқаша айтқанда, менің өзім, табиғатым киік секілді».

699. Мені жақсы көрген, қалаған тез таппас. Егер тапса, ұстап тұра алмас, тез арад қажетсіз қылады.

700. Егер мені тапқан адам ұстап тұруды білсе, мен одан қаша алмаймын, кесіп айтайын.

Елігтің Айтолдыға сауалы

701. Еліг айтты: «Онда айт, сені не ұстайды, қалай берік ұстаймыз?». А

Айтолдының Елігке жауабы

702. Айтолды айтты: «Мені берік ұстайтын бірқанша нәрсе бар. Назар сал, белгілерін айтайын».

703. Мені тапқанның мінезі жайдары, көңілі кең, тілі жұмсақ болуы керек.

704. Өзіне сақ болып, шектен шықпасын, жауыздық, жаман істерге жақын тұрмасын.

705. Жинаған мал-дүниесін лайықты жерге жұмсасын. Әрекетін, қылығын, мінезін, жүріс-тұрысын түзесін.

706. Өзінен үлкенге құрмет қылсын, өзінен кішіге жылы сөйлесін.

707. Тәкәппарлықпен кісіні төмен санамасын. Өзінен басқаны менсінбей, кішілерге күліп қарамасын.

708. Бостан-бос жүріп ішімдікке салынбасын. Бекер, босқа мал-дүниесін шашпасын.

709. Қолымен де, тілімен де ойынға араласпасын. Әрекеті мен мінезі түзу болсын.

710. Айнымалы құттың байлауы осы нәрселерде тұр. Құтты осылай байласа қашпас, қалады.

711. Бұған дәлел шайырдың сөзі бар, шайыр сөзі сөзімізге дәм (тұз) қаргізді.

712. Бақ-дәулетті адам үшін үркек киік деп ойла. Егер келсе, берік ұста, тұсап байла.

713. Ұстай білсе бақ-дәулет қашпас, тұрар. Егер қашса, саған кезек тез келмес.

Елігтің Айтолдыға жауабы

714. Еліг айтты: «Әй, құт, сені ұқтым. Сені қатты жақсы көрдім, бірақ сен менен алыстағың келеді».

715. Айнымалы және тұрақсыз болмасаң еді, сенің келгенің қандай жақсы нәрсе еді?!

716. Сен өзің опасыз әрі тұрақсызсың. Өзіңді опалы көрсетіп, бірақ жапа шектіресің.

717. Атадан да, анадан да жанашыр болып, күлімдеген жүзіңмен аялап ұстайсың.

718. Өзің көрмегендей келіп, жүзіңді бұрасың. Сөзің мен әрекетің бәрі өзгеше болды.

719. Жинайсың, жиналғанда барлығын шашарсың. Шақырасың, бет бұрса есігіңді жабарсың. Айтолдының Елігке жауабы

720. Айтолды айтты: «Әй, Елдің құты, мінім мен артықшылығымның бәрін айттым».

721. Кім мені тауып, берік ұстаймын десе, айтып бердім, осыдан кейін берік ұстасын.

722. Мені ұстағысы келгендер маған жүген салмаса, киіктей қашармын. Маған кім жете алады?

723. Тәжірибелі қария не деген, тыңда. Тәжірибелі қарияның сөзі – сөздің қоры.

724. Құт келер (бақ қонар), ұстап тұруды білмесең, кетеді. Мал-дүние берер, жеуді білмесең, алар.

725. Айнымалы бақ-дәулетті (құтты) тапсаң, берік ұста. Егер берік ұстай алмасаң, қайта кететініне күмәнданба.

726. Құт (бақ) қонған кісі, сақ болу керек. Барлық пайдасыз істен жырақ тұру керек.

727. Ары таза болсын, тура жолда жүрсін. Мұның байлауы осы, мұны біл.

Елігтің Айтолдыға сауалы

728. Еліг айтты: «Сенің мінің мен артықшылығыңды түсіндім. Неге сенің атың Айтолды?

729. Мұның мағынасы қандай, айтып бер маған? Білейін, ұғайын және саған сенейін

Айтолдының Елігке жауабы

730. Айтолды айтты: «Менің атымды, болмысымды данышпандар айға ұқсатады».

731. Ай туғанда әуелі кішкентай болып туар. Күннен-күнге үлкейеді және жоғары көтеріледі.

732. Ай толысып, толғанда әлемге жарығын шашады. Әлем халқы оның жарығын пайдаланады.

733. Ай әбден толғанда, қара, ең биікке көтеріледі. Сосын қайта кішірейіп, сұлулығы кете бастайды.

734. Жарығы азаяды сосын жоқ болады. Кішкентай болып қайта туар, сосын тағы үлкейеді.

735. Менің де болмысым сондай. Кейде бар болам, кейде жоқ болам.

736. Қаншалықты әлсіз болса да, біреуге жүзімді бұрсам, оның сүйкімі артады, сөздің қысқасы.

737. Байыса, үлкейсе, даңқы жайылса, мен одан кетемін, оның жүзінің нұры кетеді.

738. Сосын оның жиған мал-дүниесі шашылады, жағдайы, мінезі бұрынғы қалпына келеді.

739. Бұған ұқсас шайырдың сөзі бар. Шайырдың сөзі – наданға (көретін) көз.

740. Адамға құт келеді (бақ қонады), даңқы шығады. Жаңа ай секілді толысады, жарығы тарайды.

741. Айнымалы және делі бақ-дәулетке көңіліңді байлама. Бақ-дәулет толған ай секілді, қайтадан кішірейеді.

742. Саған (атымның) тағы бір мағынасын айтайын. Оны да тыңда, сосын маған илан.

743. Бұл айдың орны, үйі өзгетіп отырады. Орны өзгергіш болғасын не қылсаң да, тұрағы болмайды.

744. Бұл айдың жұлдызы – Саратан, ол үй айналады. Үй айналғанда, өзі де айналады.

745. Бұл ай қай үйге кірсе, тез шығады. Тез шығу үшін жатқан жерін бұзады.

746. Назар сал, сенің өзім де соған ұқсаймын. Әрекетім арасында елде, арасында жоғарыға.

747. Келермін, кетермін, алға жүрермін. Әлемді кезермін, мен үшін орын жоқ.

748. Сол мағынасына қарап, терең ойланып білімділер атымды Айтолды деп атады.

749. Міне, мен – бақ-дәулет, мінім мен артықшылығымды, ауруым мен оны емдеудің жолына айтып бердім.

750. Ашық сөйледім, менің сөзіме илан. Қуғың келсе қу, егер ұстап қалғың келсе, ұста.

Елігтің Айтолдыға жауабы

751. Еліг айтты: «Барлық сөзіңді тыңдадым. Сөзің көзімді ашты (жарқыратты) өзің де жарадың».

752. Сендей кісіні іздеуші едім. Әй, елдің көшбасшысы, тілегімді Тәңрі берді.

753. Тәңірі кімге телеуі мен қалауын берсе, оған жауап ретінде шүкірлік қылу керек.

754. Бүгіннен бастап, өзім де тынбастан, жалықпастан шүкір қылуым керек.

755. Өзі дүниеден өтсе де, бізге жазба (өсиетін) қалдырған білімді, данышпан не деген, тыңда.

756. Әй, нығыметке ие болған, абыройлы адам, шүкір қыл. Шүкір қылсаң, Тәңірі нығыметін арттырады.

757. Нығымет иесі өзін ұмытады. Мұның шүкірін қылса, нығымет жүз бұрмайды.

758. Аз жақсылыққа болса да, артығымен, көп шүкір қыл. Нығымет көп болса, оның қадірін біл.

759. Шүкір қылса, бір нығымет он болады. Бірі он болады, қара, үйі мал-дүниеге толады.

760. Назар сал, Еліг Айтолдыға риза болды, «күндіз-түні маған қызмет ет» деді.

761. Оны көп мақтады, көп мал-дүние, тауар берді. назар сал, құрметтеп, алтын, күміс берді.

762. Еліг бар сөзін оған айтты. Барша істе ақыл қосып, білім беруін қалады.

763. Назар сал, Айтолды да бұл құрметін түсініп, тура және шынайы түрде жанашырлықпен қызмет етті.

764. Еліг бірқанша уақыт оны сынады. Тапқан адамының бәрінен кемел болғанын аңғарды.