Таңдау
тТ

Өгдүлміш Елігке ақылдың сипатын айтады

1850. Өгдүлміш былай деп жауап берді: – Ақылдың әрекеті тура, мақтанатын тұсы көп.

1851. Жүзі мен келбеті көрікті және жасы әрдайым жас. Барлық игілік сол арқылы өтеді.

1852. Сабырлы һәм таза, мінезі байсалды. Қимылдағандардың бәріне жанашыр көңілді.

1853. Қай жерге қолы тисе, (ол жер) жайнап сала береді. Қай жерге сөзі жетсе, (ол жер) жетіледі.

1854. Жылы жүзді, назар сал, бәріне сүйкімді. Кісіге одан пайда ғана келеді.

1855. Жіті көзді, назар сал, ұзақты көреді. Қай іске кіріссе, аяғын бекем басар.

1856. Күрмеуі қиын қанша іске кіріссе де, (бәрін) тазартады. Теріс кеткен қандай іс болса да, бір қарағанда реттейді.

1857. Әрбір іске оңынан, солынан, алдынан, артынан қарайды. Әрбір істің жарамдысын және оның жасалуы керек уақытын біледі.

1858. Қашқанға жетер, ұшқанды ұстайды. Сынғанды салады, бұзылғанды жөндейді.

1859. Ақылсыз өкініп айтты: – Әй, ақыл, сенсіз мен көп қайғырамын.

1860. Маған сенен бір үлес тимеді. Сенсіз кісінің жүрегі өлі болды.

1861. Ақыл – шырақ және соқырға көретін көз, өлген тәнге жан, мылқауға сөз.

1862. Ақылды ақылға айтады: – Әй, досым, менің ісімді ретке келтірген қандай жақсы досымсың.

1863. Ақыл әрқашан оң әрекет етеді, еш терісі (солы) жоқ. Ақыл – сенімді, шыншыл болады, еш алдамайды.

1864. Ақыл кімде болса, осы соның белгілері. Ақыл осы белгілерден білінеді.

1865. Ең әуелі, ақылдың мінез-құлығы жайдары. Жыл, ай өтсе де, туралықта жүреді.

1866. Ақылды әділ һәм тілі мен сөзі таза шынайы. Мінезінің негізі туралықпен қаланған.

1867. Ол байсалды, момын, өте тыныш және сабырлы. Әр ісін мұқият жасап, асықпай жетеді.

1868. Көзқарасы, әрекеті қария секілді көрінеді, бірақ жас жігіт. Оған Өге, Тігіт мұқтаж, өтініш айтады.

1869. Енді оған ұқсас мына сөзді оқы. Ұға алсаң терең мәні ашылады.

1870. Көзқарасы мен ақылына қараса қария секілді, бірақ өзі жас. Ақылды қайда болса, оған бар, жабыс.

1871. Кішкентайы сүйкімді, қариясы сабырлы. Көңілі түзу, қарасаң ақкөңіл, пайдасы көп.

Елігтің Өгдүлмішке жауабы

1872. Еліг бұл сөздерді тыңдап, риза болып былай деді: – Әй, сөзі ақыл мен білімге толы, санасы ояу (адам).

1873. Тәңір барлық игіліктерді түгел берді. Күмәнсіз, бұл маған Тәңірдің сыйы.

1874. Бұл бейнет, жүктелген бір ауыр міндет. (Адам) оны жүкті көтеру арқылы жақсылыққа жетеді.

1875. Кім жақсылық қаласа, ауыр міндет жүктейді. Ауыр міндет жүктелген тілегін жетеді.

1876. (Менің) жүгімді арқаладың, тілегім орындалып, шаруам жүрді. Мені тынықтырдың, саған жүк артылды.

1877. Енді маған Тәңір таупиқ пен күш-қуат берсін. Хақыңды үш есе өтейін.

1878. Сенің қандай қызмет қылғаныңды білемін. Мені қолдағаның – жанашырлығың.

1879. Жанашыр қызметкер адал болады. Қара, өзінің пайдасып қойып, бегінің пайдасын ойлайды.

1880. Қызметкердің сөзінде не деген, тыңда. Бекті рахатқа адал қызметкер жеткізеді.

1881. Жанашыр (адал) қызметкері болса, ол жұмысын істесе, бектің жаны рахат тауып, құт-берекеге қауышады.

1882. Бектер қызметкерлері арқылы кеудесін көтерді. Қалағанындай қызмет қылса, бектің жаны жай табады.

1883. Қызметкер бегінің уайымын, жүгін, бейнетін көтерсін. Бегіне армандаған жолын аша берсін.

1884. Қайбір бек осындай қызметкер тапса, (демек ол) Тәңірдің сыйлаған өте ұлы құрметі.

1885. Бізден бұрын да әлемнің бектері дүниеден өтті. Көбірегі осындай арманмен кетті.

1886. Әлем халқы тыныштыққа, бақытқа қауышты. Бүкіл халық Елігке дұға қылды.

1887. Мұны басқа мемлекеттің халқы да есітті. Оның жүзін көруді армандады.

1888. Арманына қауышып, жыл, ай, күнін өткізді. Әділ (ізгі) заң орнатып, мемлекетін басқарды.

Елігтің Өгдүлмішке сауалы

1889. Еліг бір күні Өгдүлмішті шақырды да айтты: – Сұрағымды қояйын, сен білгеніңді айт.

1890. Адам өзінің денесіне жеті дәреже жоғарыдан қараса, риза болады және өзінің нәсібін табады.

1891. Көңіл тоятын нәрсе не? Көз тоятын нәрсе не? Бұл екі ләззаттан менің үлесім қаншалықты?

Өгдүлміштің Елігке жауабы

1892. Өгдүлміш жауап беді: – Көңілдің қалағаны, қатты күткені – ләззат.

1893. Көздің ләззаты – сүйген жүзін көру, жанның ләззаты – көңілі қалағанды табу.

Елігтің Өгдүлмішке сауалы

1892. Өгдүлміш жауап беді: – Көңілдің қалағаны, қатты күткені – ләззат.

1893. Көздің ләззаты – сүйген жүзін көру, жанның ләззаты – көңілі қалағанды табу.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

1896. Өгдүлміш жауап беріп, былай деді: – Жарайды. Сүйген кісінің жүзіне қараса, сүйгенін біледі.

1897. Көз қарағанда барлық нәрсе құпия болуы мүмкін. Көңіліңді жасыру мүмкін емес, мұны өзің білесің.

1898. Сүйіп, сүймегенін білгің келсе, көңіліне қара, көңілінен білінеді.

1899. Сүйгендердің жүзінде белгі, бір нәрсе болады. Көзін көзіне тіккенде оны біледі.

1900. Шайыр бұған ұқсас сөз айтыпты. Түсініп, демал, әй, кісінің қарбызы (ақымағы).

1901. Сүйген кісінің жүзі белгілі. Аузын ашса, сөзінің мағынасынан білгілі.

1902. Сүйген, сүймегенін білгің келіп, көзіне жіті қараса, көзінен белгілі.

Елігтің Өгдүлмішке сауалы

1903. Еліг айтты: – Сөзіңді тыңдадым, тағы бір сұрағым бар, оны да айтып бер.

1904. Енді сенен керекті сөзді сұраймын, маған жақсылап қарап, айтып бер.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

1905. Өгдүлміш жауап берді: – Әй, елдің құты, бектер атағын білімі арқылы өсірді.

1906. Бектердің өзі – білімнің ордасы. Құл білімсіз болады, сөзінің не құны бар.

1907. Сұрау оңай, жауап беру қиын болды. Жауап беруге Елігтің білімі дұрыс.

1908. Оңайын Еліг алды, қиынын маған қалды. Әй, жаужүрек батыр.

Елігтің Өгдүлмішке жауабы

1909. Еліг айтты: – Сұраушы мұқтаж, өзі білмегені үшін алдындағыдан сұрайды.

1910. Егер осылай болса, сенің сүйінуің керек. Сұраған сөзімді сен айтуың керек.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

1911. Жауап беріп, былай деп айтты: – Әй, әділ (ізгі) заң, сөйлеуден гөрі тыңдау жақсырақ.

1912. Сөз сөйлеуші жанын қинайды. Тыңдаушы көңілі толып, жанын семіртер.

1913. Тәжірибелі данышпан не деген, тыңда. Сөз сөйлей бермей, тыңда, ойлан.

1914. Кісі тыңдау арқылы ғалым болды. (Көп) сөз сөйлегеннен адамның басы кетеді.

1915. Тыңдау құлаққа жағымды болады. Көп сөйлеген сөзде пайда болмас.

1916. Сөйленбеген сөзді саф алтын деп сана. Ол тілден шықса, бақыр болды.

Елігтің Өгдүлмішке жауабы

1917. Еліг айтты: – Енді тура сөйледің. Сен енді құт-береке құшағына байландың

Өгдүлміштің Елігке жауабы

1918. Өгдүлміш жауап берді: – Әй, елдің құты, құл (қызметкер) деген атты өзім таңдадым.

1919. Бегі разы болса, құлдың жаны балқиды, егер құлдың ақылы жетілген болса.

1920. Өз білгенімді айтайын, Еліг тыңдасын және қате болған жерін кешірсін.