Таңдау
тТ

Төрт сахабаның құрметін айтады

49. Бұлар – көргенде қуанатын оның төрт досы еді, олар бірге жүретін кеңесші еді.

50. Екеуі – қайын (атасы), екеуі – күйеу (баласы). Бұлар халықтың таңдаулысы еді.

51. Әуелі, бәрінен озығы Атық (Әбубәкір) еді. Тәңірге тілімен де, көңілімен де шынайы сенген.

52. Малын, тәнін, жанын пида қылды. Пайғамбардың разылығын тіледі, турасы.

53. Одан кейін кісінің таңдаулысы Фаруқ еді. Тілі, көңілі бірдей, халықтың сарасы.

54. Ақиқат дінге тұғыр, көмекші болған. Шариғаттың жүзінен пердені кетірді.

55. Одан соң Осман еді, ұялшақ, таза (кісі). Кісінің таңдаулысы, жомарт, қолы кең.

56. Бар малын һәм өзін пида қылды. Пайғамбар оған екі қызын берді.

57. Мұнан соңғы таңдаулысы Әли еді. (Ол) батыр, ержүрек, жүректі, ақылы толысқан.

58. Қолы, жүрегі таза, жомарт еді. Білімді, тақуа, назар сал, аты абыройлы еді.

59. Дін һәм шариғаттың тұғыры бұлар еді. Кәуір, екіжүзділердің жүгі осыларға артылды.

60. Бұл төрт дос маған (діннің) төрт тірегіндей боп тұрады. Тірек орнатылса, шынайы тірлік болады.

61. Менен бұларға сансыз сәлем. Иеім, сен үздіксіз оларға жеткізгін.

62. Оларды маған әрдайым разы қыл. Ұлық күнде (қияметте) шапағатшы (қолымнан ұстаушы) қыл.