Таңдау
тТ

Өгдүлміш Елігке Ұлық хажыптыққа қандай адам керегін айтады

2435. Өгдүлміш жауап берді де сөзді бастап: «Еліг, рахат өмір сүр, мың жаса» деді.

2436. Ұлық хажып асқан шынайы, тура, кәміл әрі діні толық (иманды) болу керек.

2437. Тегі асыл, мінезі көркем, ізгі болса, халыққа пайдалы болып, күні мен айын оңынан туғызса.

2438. Тегі ізгі болса, адам ізгі болады; ізгі кісі халыққа да ізгілік қылады.

2439. Ізгі кісіден ізгілік келеді: жеп-ішу (тамақ), киім және мініс көлікпен (елді қамтамасыз етеді).

2440. Болмысы жақсы кісінің артық ауыз сөзі болмайды; артық ауыз сөзі жоқ кісі өте таза болады.

2441. Қанағатшыл, ұятты, арлы болу керек; ақылды әрі мың түрлі білімді білуі керек.

2442. Қанағатшыл кісі жұмыс барысында пара алмас; пара алса, күлкі болады.

2443. Пара – ол оңды істі бұзушы; істі бітіртпей, шикі қалдырушы.

2444. Ұяты бар, арлы, мінезі түзу болса, оның сөзі де түзу болады.

2445. Ұяты бар кісі жамандық жасамас; пайдасыз іске жақындамас, кісінің бетіне келмес.

2446. Арлы кісіге бақ-дәулет қонады; арлы болса құт-берекеге лайық болады.

2447. Ақылды болса, мал-дүние үшін мұңаймас; білімді болса, ісінде жаңылмас.

2448. Білімді және үлкен кісі өте жақсы айтыпты; өзіне тиесілі бақытына көп қауышқан білімділер.

2449. Бектердің (билеушілердің) ісін атқару үшін білімді адамдар керек; білімсіз кісі ешнәрсеге жарамас.

2450. Кімге білімнен үлес тимеген болса; тірі деуге болмас, оны өлі сана.

2451. Адам біліммен өсіп, абырой жинайды; адамдардан үстем болады, барлық істе жетістікке жетер.

2452. Білімсіз кісі бос қалып секілді; білімді кісінің орны көкте құрметті.

2453. (Бас уәзір) ісіне өте ықтиятты және ақылды болу керек; ықтияттылықпен жұмысына жат бітіреді.

2454. Ақылды болуы өте пайдалы; барлық жақсылықтарда ақылдың үлесі бар.

2455. Ақылсыз кісі – жеміссіз ағаш; аш адам жеміссіз ағашты не қылсын. 2456. Ақылды адам екі дүниенің қамын жейді; ақылды адам асыл адам атанар.

2457. Ақылды және білімді кісі – нағыз адам; халықтың басышысы, кісінің таңдаулысы.

2458. (Бас уәзірдің) жүзі, киім киісі көркем және сақал-шашы жинақы болу керек; еркек дауысты және сөзі анық болсын.

2459. Жүзі, киім киісі көргенді сүйсіндіретін болсын; Елігке кіріп-шыққанда жарасымды болсын.

2460. Сақал-шашы жинақы адам айбарлы болады; бұл айбарымен ол құрметтеледі.

2461. (Бас уәзір) Құдайдан қорқатын, діндар (дін иесі) және арлы болу керек; ары таза болса, мінезі, әрекеті таза болады.

2462. Құдайдан қорқатын, арлы және діндар адам жалқау болмас, адамдардың барлық жұмысын істейді.

2463. Құдайдан қорқатын (тақуа) кісі халықтың қайғысын жейді; тақуа кісі адамның ізгісі.

2464. (Бас уәзір) әрдайым елдің көз алдында жүретін болғандықтан көрер көзге көрікті болу керек.

2465. Бұл көрікті жүзін көргенде жүздер жайнайды; көңілі ашылады және жаны рахат табады.

2466. Білімді енді бұған ұқсайтын сөз айтыпты; білімдінің сөзін есіңде ұста, әй, мінезі таза жан!

2467. «Адам жүзінің көркемдігі өте жақсы нәрсе; жүзінің көркемінен екі көз тояды.

2468. Қоңыр жүздің көркіне қара,оны өзіңе бақыт деп біл; әрбір ісің ізгі болғай, басқа сөзді таста».

2469. (Бас уәзір) ашық көңілді және өте ақылды болу керек; табиғаты сабырлы болса, одан да жақсырақ.

2470. Көңілі түзу кісі берген сөзін ұмытпас; көңілі теріс адам сөзінде тұрмас.

2471. Көңілі түзу болмаса адам досын танымас; ақылы болмаса адам ісін реттей алмас.

2472. Көңілі нашар кісілер бос қалып секілді; барлық істі адам көңілімен жасайды.

2473. Ол өте ақылды, сабырлы және көңіл ақ болсын; кедей, тұл және жетімдерге жанашыр көңілі керек.

2474. Зерек және заңды терең білетін болу керек; дүниедегі барлық көркем нәрселер зеректерден келеді.

2475. Көңілі ақ, барлығынан кішік болу керек; тілі жұмсақ шекерден тәтті болу керек.

2476. Адамдарға жарқын және күлімдеп тұрса; адамгершілігімен қоса мінезі ізгі болу керек.

2477. Қарапайым сыпайы кісі не деген, тыңда; көңілің мен тіліңді сыпайы ұста, әй, Қыпшақ Ер!

2478. Көңілін қарапайым ұстаса, кұт-береке келеді; адамдар күлімдеген жүз, жылы сөзділермен тірлік кешеді.

2479. Күлімдеген жүз, жылы сөзден адам жылу табады; жылу тапқан адам оған құл болар.

2480. (Бас уәзір) сабырлы және өзін ұстай білсін; көзіне өте абай болып, сөзін тыйсын.

2481. Құлағы сақ, білімі мен ақылы кең болсын; әрекеті түзу және ниеті мен сөзі бірдей болсын.

2482. Барлық жақсылықты жасай білсін, жазу жазсын; барлық ісін біліммен жүргізсін.

2483. Бұл жақсы қасиеттер мен білімге бірдей ие болу керек; соның себебінен (Бас уәзір) жүзі шырайлансын.

2484. Қарасаң, барлық мемлекеттік лауазым ішінде ең нәзігі (Бас уәзір).

2485. Кім уәзір атанса, оған бұл бірқанша нәрсе керек; өзі алдында жол көрсетіп, елді ізгі жолға бастасын.

2486. Енді бұған ұқсас шайыр сөзі бар; ол шайырдың сөзі білімсізге көз болар.

2487. Бас уәзірге әуелі мына он нәрсе керек; жіті көз, сақ құлақ, кең көңіл керек.

2488. Жүзі, көркі, бойы, тілі, түсінігі, ақылы, білімі; мінезі бұларға түгел тең болу керек.

2489. Еліг өзі ұзақ жасасын; бірақ ол Елігтің көретін көзі – Бас уәзір.

2490. Заң, қағида және ережені орнату өте қиын; Бас уәзір оны орындау арқылы қақпалар мен жолдарды ашады.

2491. Бұған ұқсас білімдінің сөзі келді; естіген адам көңіл берсін және алсын.

2492. Бұл хажыптық өте үлкен іс; алайда мұны кей кісі жасай алмас.

2493. Бас уәзір немесе бектердің (әкімдердің) ісі, ұлық не кішік болсын, олар қиындыққа душар болған кісілердің өтінішін қарайды.

2494. Қазынашы, хатшы секілді мемлекет қызметкерлері, тон тігуші және етікшілермен байланыста.

2495. Сондай-ақ, жат-бейтаныс елшілердің келіп-кетуіне, оларға ас және сыйлық берілуіне қарайды.

2496. Олардың қонатын жерін көріп, жейтін тамағын айқындайды; сыйлығы барлар мен сыйлығы жоқтарға бір шарасын қылады.

2497. Жолға шықса адамдарға басшылық етер; заң мен салтын аяқасты қылмайды.

2498. Кедей, тұл және жетімнің өмірбаянын, өтінішін тыңдап, өтінгенін берсін.

2499. Зұлымдыққа ұшырап, әділдік сұрағанды уақытында қабылдап, жол көрсетіп, көмектесетін болсын.

2500. Және іштегі, сырттағы әділетсіздікті көрсін; оны тыйып, әділдік орнатсын және оны мемлекет басшысына айтып берсін.

2501. Бұл барлық үлгілі істерді, күмәнсіз, Бас уәзір өз қолымен жасайды.

2502. Бұл істерге барша көмек содан келеді; егер іс жасалмаса, ел бұзылса да содан келеді.

2503. Әй, Еліг, Бас уәзір бірқанша жерде ықтиятты болу керек, тіпті соған қаттырақ күш салу керек.

2504. Бірі – Елігтің сөзін берік, қатты ұстану керек; екіншісі – жеке пікірі мен ақылын тізгіндеу керек.

2505. Үшінші – Елігтің алдына кіргенде өзін дұрыс ұстай білсін, аузынан бос сөз шығармасын.

2506. Пара алмасын, жүктелген барлық ісін жасасын; Елігтен жырақтаған ізгі кісілерді жақындатсын.

2507. Әй, Еліг, кісіде мына екі нәрсе болса, оны жұмысқа алма және қол ұшын берме.

2508. Бірі – тілінен жалған сөз шығарса; енді бірі – тура жолдан тайдыратын теріс мінезі болса.

2509. Бұл екі мінез кімде болса, әй, Еліг, оны жаныңа жақындатпа.

2510. Қара, тағы басқа үш мінез бар, ол мемлекет қызметкер ісі; оны сақтамаса, өз басын жейді.

2511. Бірі – естіген сөзін берік әрі қатты ұстансын, екіншісі – әділетсіз іс көрсе, көз жұмбау керек.

2512. Үшіншісі – өзіне ие болсын және әділ болсын; осылайша өмірін сүйінішпен кешірсін.

2513. Данышпан әрі білімді бек не деген, тыңда; бұл сөзді ұстансаң саған өте жақсы болады.

2514. «Басыңды сақтағың келсе, басшының сөйлейтін сөзін алдына түсіп сөйлеме және мемлекетке қарсы келіп, басыңды жұтпа!»

2515. Надан мемлекетке қарсы келсе, басы кетеді; сөзімен қарсы келсе, тісін сындырады.

2516. Көп көрдім, лайықсыз кісілердің мемлекетке қарсы шығып, жазықты болғанын, басы кесілді.

2517. Көп есіттім, бұл тіл сөйлегенде көңіл сырын ашып, адамды жаралаған.

2518. Данышпан және білімді кісілер және де: «Өз сөзіне ие болмаған адам басын жұтады» деп айтыпты.

2519. Бас уәзір өздерін дұрыс ұстай білсін; Еліг алдында көзіне және бір жағдайға душар болғанда сөзіне абай болсын.

2520. Уақыты болмайынша (шақырмайынша Еліг алдына) өзі кірмесін; сұрамастан бұрын өтініш бермесін.

2521. Ақылды сөзінде не дейді, тыңда; ақылдының сөзі рухани жолды ашты.

2522. Билеушілерге уақыты келгенде жүзіңді көрсет; сұраған уақытта сөйле, сөзіне жауап бер.

2523. Барлық нәрсенің уақыты, мерзімі белгілі; уақыты келгенде екі көз көреді.

2524. Барлық жақсы қасиет пен білім осылай болу керек; сонда ғана Бас уәзір қол жеткізеді.

2525. Әй, Еліг, менің білгендерім осылар; міне, сұрағасын айттым.

Елігтің Өгдүлмішке сұрағы

2526. Еліг: «Бұл сөзіңді тыңдадым, ұқтым. Сенен тағы бір сөз сұрайын» деді.

2527. Енді маған қақпа (хан сарайын) басқаратын ер туралы айт; бұл істі атқаруға қандай ер керек