Таңдау
тТ

Жарқын көктем маусымын, Ұлық Бұғра ханның қадірін айтады

63. Шығыстан көктемнің желі есе келді. Әлемді безендіру үшін ұжмақтың жолын ашты.

64. Қара жер жұпарға толды, жаман иіс кетіп; дүние көркін құлпыртып, безенуді қалайды.

65. Жазғы самал қаһарлы қысты қуды, жарқын жаз бақ-дәулет садағын қайта құрды.

66. Күн жарқырап, балық құйрығынан қозы мұрнына, қайта орнына барды.

67. Қураған ағаштар жасыл оранды. Көгілдір, ал қызыл, сары, көк, қызыл (болып) безенді.

68. Қара жердің жүзіне жасыл торқа жапты. Қытай керуені, Табғаш жібек маталары жайды.

69. Жазық, тау, қыр, шұқырға жайып, төсенді. Аңғар мен жартастар ал қызыл, көк киіп, түрленді.

70. Мыңдаған түрлі гүлдер күліп ашылды. Әлем ағаш шірігің иісі мен жұпарға толды.

71. Қалампыр иісті таң самалы соқты. Дүниенің барлық бұрышы жағымды, жұпар иіске толды.

72. Қаз, үйрек, қу, қырғауыл қалықтап, (аспанды) қаптады. «Қаңқылдап» жоғары-төмен (ұшып), қайнап (жатты).

73. Қара, қейбірі ұшады, кейбірі қонады. Кейбірі жүзеді, кейбірі су ішеді.

74. Көкте көкшіл, тырнаның үні жаңғырып, тізілген түйедей ұшып жөңкіледі.

75. Ұлар құс даусын шығарып, шақырды. Пәк қыз шақырғандай көңіл бердім.

76. Кекілік дауыс шығарды, күлкі араласқандай. Қызыл аузы қан секілді, қасы қап-қара.

77. Қара сауысқан найзадай тұмсығымен даусын шығарды. Үні балауса қыздың үніндей жақын.

78. Гүл бағында сандуғаш мың түрлі дыбыс шығарады. Күндіз-түні зәбур сүресін оқыр.

79. Қоңыр елік гүлдердің үстінде ойнақтап жүр. Таутеке, сайғақ төбе кезіп, шапқылап жүр.

80. Көк аспан қабағын түйді, көз жасын төкті. Гүлдердің жүзі жайнап, назар сал, күлуге тырысты.

81. Осы сәтте дүние де өз-өзіне қарады. Сүйініп, мақтанып, қазыналарына қарады.

82. Дүние маған қарата сөзін бастап, былай деді: – Қағанның жүзін көрмедің бе?

83. Ұйықтап жатыр едің, тұр, көзіңді аш енді. Естімеген болсаң, менің сөзімді тыңда.

84. Мен мыңдаған жыл бойы тұл едім, жүзім солғын еді. Бұл жетімдік тонын шешіліп, ақ құндыз киім кидім.

85. Безендім, Ұлық Қаған бегім болды. тілегім сол: ол қаласа, жаным пида.

86. Бұлт күркіреді, нәубет туын ұрды. Жасын ойнады, Қаған туын көтерді.

87. Бірі қыннан шықты, (өзгелер) ұсынып, (бұл) мемлекет билейді. Бірі, абырой, даңқы әлемге жетеді.

88. Табғаш Ұлық Бұғра хан әлемді биледі. Аты құт-берекелі болсын, Тәңір екі дүниесін берсін.

89. Әй, діннің ұлығы, мемлекеттің тірегі, жәрдемшісі! Әй, халықтың, әй, шариғаттың тәжі!

90. Барша тілеген тілегіңді Тәңірі берді. Бір Тәңір ғана арқасүйерің, жәрдемшің бола берсін.

91. Әй, дүниенің жамалы, ұлықтықтың көркі! Әй, бейбіт биліктің нұры, әй, құбылмалы құтты тізгінін ұстаушы.

92. Дәуренің мемлекет берді, тақ берді. Тәңірі бұл тақпен бірге бақ берсін.

93. Бұл қағанның арқасында әлемге тыныштық орнады. Соның нәтижесінде әлемнен тарту таралғылар келді.

94. Тордан босаған аспан құстары келді, кейбірі райу-хинди, кейбірі қайсарлық.

95. Жарысып дауыстарын шығарып, (қағанның) атын мақтап. Жақсы көріп, мақтанышпен қуанып айтады.

96. Түрлі гүлде жерге түрлі бейне береді. жазық, тау, қыр, сай жасыл және көкпен безендірілген.

97. Қайсыбірі иісімен қызмет етеді. Қайсыбірі көркем бейнесімен (көңіл сарайыңды) қақпаңды ашады.

98. Қайсыбірі қолын ұсынды, хош иістендірді. Қайсыбірі әтір бүркіп, дүниені хош иіс алып кетеді.

99. Қайсыбірі шығыстан мың түрлі тартулар ұсынады. Қайсыбірі батыстан қызметке асығары анық.

100. Қызмет етуге келіп, құт қақпаңда тұрады. Қақпада тұрған қызмет етуге тұрады.

101. Әлем осылай қызмет етуге дайындалды. Жау басын иіп, өзі жоқ болды.

102. Қағанның даңқы, абыройы әлемге жайылды. Оны көрмеген көздердің ұйқысы қашты.

103. (Әділ) заң орнады, әлем бейбітшілікке қауышты. Ол атын (әділ) заңмен шығарды.

104. Кім жомарттың жүзін көремін десе, келіп, қағанның жүзін көрсін.

105. (Кім) қиянаты жоқ, опалы билікті қаласа, (оның) жүзін көрсін, оның бүкіл әркеті жақсылық (опалы).

106. Қасірет көрместен, өзіңе барша пайдалы нәрсенің (болғанын) қаласаң, бері кел, қызмет қыл, шынайы беріл (көңіл бер), жылын.

107. Мінезі түзу, ақкөңіл, жанашыр көңілді (біреуді) көремін десең, кел оны көр, сая тап.

108. Әй, болмысы ізгі, тегі асыл, текті (қаған), әлем сенен құр қалмасын.

109. Әй, мемлекеттің (биліктің) құты, Тәңір саған бақ-дәует берді. Оның атын мың зікір етіп, шүкірін қыл.

110. Ескіден қалған бір мысал сөз бар. Әкенің орны мен аты балаға қалады.

111. Әкенің орны атымен бірге қалды. Одан басқа тағы мыңдағаны қалсын.

112. Мыңдаған кісі (қол) сыйлық пен бағалы (таңдаулы) нәрселер ұсынды. «Құтадғу білікті» тарту ет.

113. Олардың сыйлығы келеді һәм кетеді. Менің бұл тартуым мәңгі қалар.

114. Қанша дүние терсең де (жинасаң да), түгесіледі, бітеді. Сөз жазылса қалады, әлемді кезеді.

115. Кітапқа қағанның аты жазылды. Әй, мемлекеттің (биліктің) құты, бұл ат мәңгі қалады.

116. Я, Раббым, дәулетін арттыр, бүкіл тілегін қабыл қыл, әрбір ісінде Сен арқасүйері, жәрдемшісі болғын.

117. Жақсы көргендерін аман қыл, жауларын жоқ ет. Сүйінішін мол қыл, уайымын жоқ ет.

118. Жаңбыр жауып тұрсын, гүлдер ашылсын. Қураған ағаштың жапырағы (бұтағы) жайқалсын.

119. Дәуренің әрдайым дәуірлеп тұрсын. Дұшпанның басы салбырап (танабы қуырылып) қала берсін.

120. Қара жер қызыл бақыр болғанша немесе отта жасыл гүл өнгенше.

121. Мемлекеттің құты, мың берекенің ішінде өмір сүрсін. Көре алмағандардың көзі отта жалындасын.

122. Тағы қандай арман, тілек бар болса, Тәңірі әрқашан арқасүйер, жәрдемші бола берсін.

123. Сүйінсін, қуансын, мақтансын елі. Лұқпандай жасасын, асасын.