Хан мен бас уәзірдің сұхбаты

«Құтадғу білік» – бас-аяғы жинақы, композииялық құрылымы кемел туынды. 6645 бәйіттен (екі жолды өлең) тұрады. Онда Күнтуды (хан), Айтолды (Бас уәзір), Өгдүлміш (екінші Бас уәзір) және Одғұрмыш (дүниені тәрк етуші ) есімді төрт кейіпкер бар. Оқиға желісі бас кейіпкер хан мен Бас уәзірдің сұхбатына құрылған.

Бұл бөлімде Қарахан мемлекетінің билеушісі Күнтуды Еліг және оның Бас уәзірі Айтолдының сұхбаты беріліп отыр. Онда әділдік тақырыбы көтеріледі. Сұхбат 765-822 арасындағы бәйіттерді қамтиды.