Мемлекет құрылымы

«Құтадғу білік» бойынша Бас уәзір Айтолды дүниеден өтеді. Көп ұзамай Күнтуды Айтолдының ұлы Өгдүлмішпен сөйлеседі. Одан соң оны өзінің Бас уәзірі етіп тағайындайды.

Бұл бөлімде Қарахан мемлекетінің билеушісі Күнтуды Еліг және оның Бас уәзірі Өгдүлміштің сұхбаты беріліп отыр. Хан мен Бас уәзір әңгіме барысында мемлекеттегі әрбір жоғары билік лауазым иелеріне жеке-жеке тоқталып, оларға қойлатын талаптар мен атқаратын міндеттерін баяндайды. Ол 1921-2956 арасындағы бәйіттерді қамтиды.

Түпнұсқа мәтінде «мемлекет құрылымы» деп айтылмаса да, оқырманға түсінікті болу үшін ондағы айтылған мәліметтерге сай мемлекет құрылымы деп беріліп отыр. Бұл мәтіндерден осыдан он ғасыр бұрын бабаларымыз құрған мемлекетіміздің құрылымы, жоғары билік лауазым иелеріне қойылған талаптар мен жүктелген міндеттердің қандай болғанын аңғарамыз.