Таңдау
тТ

Әли ұрпақтарымен қатынасуды айтады

4336. Әй, қандас! Мемлекет қызметкерлерінен тыс және бек адамдарынан басқа араласатын адамдарың бұлар.

4337. Олардың бірі пайғамбар ұрпақтары; бұларды құрмет тұтса, құт-береке болады.

4338. Бұларды көңілге жақын тұт, қатты жақсы көр, дүниесіне қарап тұр, жақсылық жаса.

4339. Бұлар Әһләл-бәйіт, ол Хабибке туыс; әй дос, оларды хабиб пайғамбар хақы үшін жақсы көр.

4340. Егер тілінен лайықсыз сөз шықпаса, олардың іші-сыртын және шығу тегін қазбалама.