Дем салушылармен қатынасуды айтады
4361. Бұлардан кейін дем салушылар келді; жын, шайтан соққан ауруларды бұлар емдейді.
4362. Бұлармен тіпті де қатынасу керек; жын, шайтан соққан ауруларды оқыту керек.
4363. Әй батыр жігіт, егер саған пайдасы тисін десең, олармен жақсы қарым-қатынаста бол.
4364. Дәрігерлер дем салушылардың сөзін ұнатпас; дем салушы да дәрігерден жүзін бұрар.
4365. Дәрігер: «дәрі ішсе, ауруға пайдалы» деп айтады. Дем салушы: «құранға сай әрекет етсе, шайтандар қашады» дейді.