Таңдау
тТ

Түс жорушылармен қатынасуды айтады

4366. Қара, тағы бір білім, ол – түс жору ілімі; түс көргенде жорушы дұрыс жорыса, ізгілік жол ашылар.

4367. Адам ұйықтаса түс көрер; жорушы жори білсе, бұл түс дәл келер.

4368. Бұл түс жорушы түсті жақсылыққа жорыса, әрдайым жақсы болар, оған адам сүйсінер.

4369. Егер кей түс жайсыз және жаман болса, кедейлерге садақа беріп, жан мен тәніңді қорға.

4370. Бұл түс іліміне қара, мейірімді Алла құлына игілік қалады, түсінде ғажайыптар көрсетті

4371. Жақсы түс көрсе, көріп сүйінсін; жаман түс көрсе, тұрып Раббыға сиынсын.

4372. Кедейге күміс, мал-дүниелер үлестірсе; Алла қаласа одан бәлені кетіреді.

4373. Түс жорығандай болар, түсті жақсылыққа жоры; әй, түс жорушы, түске өте абай бол.

4374. Бұл адамдар түсті жорыған мамандар; бұлар білім және жанашырлығымен жақсылық жасайды.

4375. Қандас, бұлармен ізгі қарым-қатынаста бол; оларды қаласа бауыр, қаласа дос тұт.