Таңдау
тТ

Жұлдызшылармен қатынасуды айтады

4376. Бұлардан кейін енді жұлдызшылар (астрономдар); жақсылап назар аударсаң, өте нәзік жол.

4377. Жыл, ай, күн есебі бұларда болады; бұл есеп керек болады, әй, билікті ер!

4378. Сен білгің келсе, геометрияны оқы; бұдан кейін саған есеп қақпасы ашылады.

4379. Көбейту (х), бөлу (÷) амалдарын оқы, бөлшектерді ( 2 / 5 ) түгел біл; ол түгел барлығына емтихан, оны жетілдір.

4380. Екі еселеу мен екіге бөлуді өзің жетік біл; егер біліп болсаң, сан және түбірді (√) қолға ал.

4381. Сосын қосу (+), азайту (-) және жер өлшеуге (картагрфия) өт; жеті планетаны картаға түсіріп, қолға ұста.

4382. Тағы қаласаң, алгебра, геометрия оқы; олар барлық эвклид есігі, оларды миыңа жетік тоқы.

4383. Дүние ісі керек болсын, ақырет ісі керек болсын; илан, ғалымдар бұларды есеппен бір-бірінен айырып ұстайды.

4384. Әй, ізгі кісі, есеп бұзылса дүние және ақырет ісі де бұзылады.

4385. Сен көзің жетпеген істі қылайын десең, әуелі заманың ол үшін қолайлы ма, қолайсыз ба сұрау керек.

4386. Күн мен айдың құттысы және құтсызы бар; әй, асыл адам, сұра, құттысын таңда.

4387. Білімді қария өте жақсы айтыпты: «ісіңді әрдайым білімдіден сұра және соған сай амал қыл».

4388. Адам ісін білімменен бастаса; ойлан, не істесе де қалауы болады.

4389. Барлық істе әуелі білім пайда береді; білім қалдырылса, мақсатқа қол жетпес.

4390. Оларға сұрақ қой және тез сенбе; білуші ол – Алла, мұны берік ұстан.

4391. Бұлардың барлығын ізгі тұт және жарасымда бол; тіліңді батырма, ұрыспа, көңілін қалдырма.