Таңдау
тТ

Шайырлармен қатынасуды айтады

4392. Бұдан соң сөз теруші, кісіні мақтаушы немесе жер қылушы шайырлар бар.

4393. Бұлардың тілі қылыштан өткір және көңілінің жолы қылдан жіңішке.

4394. Терең әрі нәзік сөздерді ұққың келсе, сөзді бұлардан тыңда, түсінесің.

4395. Көңіл беріп қарасаң, теңізде жүзгендей, гаухар, інжу, жақұт шығарғандай.

4396. Олар мақтаса, мақтауы бүкіл елге тарайды; егер сөксе әрқашан жаман атың қалады.

4397. Бұларды жақсы көр, әй қандас; бұлардың сөзіне ілінбе, әй дос!

4398. Егер өзің жақсы мақтауды қаласаң, бұларды қуант, сүйіндір, сөздің қысқасы.

4399. Не қаласа бұларға түгел бер; бұлардың тілінен өзіңді сатып ал.