Таңдау
тТ

Малшылармен қатынасуды айтады

4439. Бұдан соң малшылар келеді; бұлар барлық жылқыларға (малға) басшы.

4440. Бұлар шынайы әрі тура болады, күмәнді астыртын іске қатыспайды, бұлардың ешкімге салмағы жоқ.

4441. Жейтін, киетін, мінетін және жүк таситын ат, айғыр, байтал бұлардан шығады.

4442. Қымыз, сүт, жүн, май, қатық, құрт, төсек жабдығы мен киізін үйдің рахатына тұтын.

4443. Бұлар пайдалы кісілер болады; бұларды ізгі тұт, әй, ботам!

4444. Қатынас, аралас, жегіз және ішкіз, әділдікпен ғұмыр кеш.

4445. Не қаласа бер, керегің болса ал; бұл қауымның әділ болғанын көрдім, алдауды білмейді.

4446. Бұлардан білім және әдеп күтпе; әрекеті дөрекі болады, әй, арлы жан!

4447. Бұлармен байланысқанда өзіңді сақ ұста; заң, ереже, қадірді білмейді.

4448. Жылы сөз сөйле, доссынба, білімсіз Шігіл (ру аты) басынады.

4449. Заң шығарушы және халықпен араласып, оны тәжірибеден өткізген кісі (би) жақсы айтқан екен.

4450. «Білімсізді жаныңа өте жақын ұстама; жақындатсаң күмәнсіз, дөрекі қарым-қатынас қылады».

4451. Ғылымда бұдан да жақсы айтылған; іске біліммен қол жеткіз.

4452. «Білімсізге жақындама, өзіңді ұста; өзін ұстаған адам берекелі өмір сүрді».

4453. Білімсіз кісіден жырақ тұр, қаш; білімсіздің сөзі, мінезі дөрекі.

4454. Енді малшылар осы секілді болар; қатынасуды қаласаң, сөзім жол көрсетер.

4455. Қалай өмір сүресің, одан үлесіңді қалай аласың, енді саған анықтап айтып бердім.