Таңдау
тТ

Ұсталармен қатынасуды айтады

4456. Тағы бір қауым ұсталар; өзінше тіршілігін жасап, ұсталық қылады.

4457. Бұл саған керек кісілер; әй, жігіт, олармен жақын аралас, пайдасы тиеді.

4458. Бұлар темірші, етікші, тері өңдеуші, бояушы, суретші, оқ және садақ жасаушы.

4459. Дүниенің әсемдігі осылардан келеді; әлемдегі таң қаларлық нәрселерді осылар жасайды.

4460. Осындайлар өте көп, санасаң сөз ұзарады; қалғанын өзің ұғарсың, мен сөзімді қысқарттым.

4461. Бұлармен аралас, қатынас; оларды қуандыр, өзің де бақытты өмір кеш.

4462. Сенің тапсырысыңды орындаса, тезірек ақысын өте; жегіз, ішкіз, асыңды көбірек бер.

4463. Абай бол, ақысын бермеді деп сені халық арасында кінәламасын, атыңа кір келтірмесін.

4464. Халыққа жанашыр, көңілі түзу, білімді және таза адам жақсы айтыпты.

4465. «Тек қана өмір тілеме, абырой тіле; бұл өмірмен бірге абырой керек».

4466. Өзің өлсең де, артыңда жақсы атың қалады; жақсы атың болса, өмірдің мәні сол.

4457. Адамның жаман аты шыққанынан тірі тұрмағаны жақсырақ.

4468. Бұл өмір саған берілген капитал, онымен жақсы ат алуға әрекет ет; жаман ат алма, жақсы атың мәңгілікке қалсын.