Кедейлермен қатынасуды айтады
4469. Бұлардан кейін кедейлер тұрады; мал-дүниеңмен жақсылық қыл, ішкіз және жегіз.
4470. Әй, қандас, саған дұға етушілер; әй, дос, бұл дұға өте жақсы нәрсе.
4471. Олардан берген тауарыңның ақысын сұрама; қайтарымына Алла жәннәтті береді.
4472. Саған олардың ісі түссе және сенің оларға ісің түссе, елде араласатын адамың осылар.
4473. Заң орнат, олардың жұмысымен айналысқанда жанашырлық таныт; баршасы саған жақын болады.
4474. Осылай екі дүниенің жақсылығына жет; жақсы атың шығып, даңқың жайылсын.