Таңдау
тТ

Өгдүлміш Одғұрмышқа асқа барудың әдебін (ережесін) айтады

4573. Жауап берді де Өгдүлміш: «Бұл ма, айту керек, әй, бауыр» деді.

4574. Шақыратын кісі түрлі әрі көп. Қонақ асы да түрлі әрі көп.

4575. Олардың бірі – үйлену тойы асы. Не сүннет асы, не ұл туғанда (берілетін) ас.

4576. Қатарлас, замандас, жолдас, дос шақырар, үлкен не кіші, жақын, туыс.

4577. Қайтқан (өлген) кісінің атына жоқтау асы болар. Немесе атаққа жетіп, жатқа ас берер.

4578. Бұлардың қайсысы болса да, ас-су жеуге баруға не бармауға қайсысы лайық.

4579. Дос, жолдас, сырлас және туыстың асы болса, достары бару керек.

4580. Берілген аста жат және бейтанысқа көп не аз болса да, ішетін ас пен азық жеткізілген.

4581. Жақын көршің саған ас беріп, тамақ ұсынса немесе Тәңірлік (ақыреттік) дос шақырса, әй, батыр.

4582. Оларға бар, көңілін аула. Оларды қуандыр, сен де қуан, әй, ұл.

4583. Егер саған хабарласып, ас дайындаса, ол асқа бар, қуандырып тамағын же.

4584. Егер бұдан бөлек ас болса, оған бармаған жақсырақ, көңілің жаралы болады.

4585. Жарым-жарты болады немесе отыратын, тұратын жер болмайды. Көңілің жаман болады, әй, ізгі ұрпақ.

4586. Есіріп мас болып, төбелес қылады. Асың сіңбей, көңілің жараланады.

4587. Бар болғаны бір тоятын ішіп-жейтін тамақ үшін өзіңді қадірсіз қылма, қинама.

4588. Құлқынына ие болып, өзін ұстай алған, құлқынын тыя білген (адам) не деген, тыңда.

4589. Құлқыныңа абай бол, әй, тірі жан. Құлқының үшін адамның құлы болма.

4590. Көп көрдім, қадірлі адамды, құлқынын тыймады, жер болды.

4591. Көп көрдім, мемлекетте лауазымы өскен адамды, құлқыны тұтқын қылды, жер жастанды.

4592. Көп байды көрдім, құлқынына құл болды. Өзі барынан айырылды, тақыр кедей болды.

4593. Құлқынға құл болма, әй, құлқыны үлкен (адам). Құлқынға құл болсаң, одан бас тарта алмассың.

4594. Сен астың қай түріне барсаң да, білгеніңше әдеппен ас же.

4595. Әдеп (ереже) білмес, ақылсыз, тәрбиесіз кісі әдепті кісіні көрсе, жолынан адасады.

4596. Сенен үлкендер асқа қол созса, сен сосын соз, қара, бұл білім.

4597. Оң қолыңмен және Баят (ежелден бар Тәңір) атымен (бисмилләмен) соз. (Солай) жесең берекесі артады һәм сен бай боласың.

4598. Кісі алдындағы тамақты тартып алма. Өз алдыңда не болса, соны алып же.

4599. Онда пышақ шығарма, сүйек кемірме. Өте қомағай не сылқым сыпайы болма.

4600. Қанша тоқ болса да, тұрған асты жеу керек. Адам асты адамға қарап беру керек, досым.

4601. Тамақты алып тістеп (аузыңа салып), ұсақтап шайна. Сен ыстық асты аузыңмен үрме.

4602. Тамақ жейтін кезде асты түртіп, теріп жеме. Кісінің тәбетін қашырма, амалыңды түзе.

4603. Ол – әдепсіздік, әдепті амал ет. Әдепсіз кісілер – адамның қоры.

4604. Әдепті кісі жақсы айтқан екен. Адам әдеп (заң) білсе басы төрде болады.

4605. Барлық нәрсенің заңы, әдебі, ережесі бар. Қағида толық орындалса, ердің жүзі жарқын болады.

4606. Заңды, ережені білмейтін әдепсіз кісімен араласса, іс оңға баспайды.

4607. Сен қолыңды созып, тамақты сүйсініп же. Сені көріп үй ханымы қуансын.

4608. Кісі еңбектеніп, саған ас дайындаса, еңбегін босқа жіберме, көңілін қалдырма.

4609. Қарасаң, көңілі ояу кісі тура айтыпты. Сөзіне қарасаң, мәнін кіргізіп, әр береді.

4610. Кісінің көңілі нәзік, шыныдай деп ойла. Өте қатты абайла, оны сындырып алма.

4611. Кісінің көңілі қалса, дәмі кетеді. Жақындық үзіліп, пайдасы алыстайды.

4612. Жақын болуды қаласаң, көңіліне абай бол. Көңілі қалса, жақындығы кетеді, түңіледі.

4613. Тамақты өзіңе шақтап же, көп тамақ жеме. Ақылды, даңқты кісі маған солай айтты.

4614. Көп жегендердің тәбеті жақсы болады. Тәбеті жақсы кісі әрдайым ауру болады.

4615. Ауру тамақтан кіреді, тамағыңа абай бол. Тамақты өзіңе шақтап же, аз ішіп, аз же.

4616. Кісіні ауру ұстаса, тез арада әлсіретеді. Оны емдемесе өлім асықтырады.

4617. Оташы дәрігер жақсы айтыпты. Дәрігерлер сөзін кім жаман дейді.

4618. Ауру – өлімнің алғашқы хабаршысы. Кісі ауырды ма, оған өлім жақындайды.

4619. Ауру – бәлекет, мехнат, өлімнің хабаршысы. Өлімнің ләззаты, жақсысы жоқ.

4620. «Мен кісімін» деген адам баласы ыстық пен суықты айыра білу керек.

4621. Жарамды нәрсені жеу үшін әуелі (адамның) табиғатын білу керек. Табиғатына жақпайтын нәрсені тастау керек.

4622. Ыстық артса, тез суық ішу керек. Суық артса, ыстығын ішу керек.

4623. Жасың жас болса, өмірің жаз болса, суық нәрселерді қолдан, қаныңды салқындатады.

4624. Жасың қырықтан асса, өмірің күз болса, ыстық нәрселермен өзіңді тамақтандыр.

4625. Жасың алпыс болса, мезгілің қыз болса, ыстықты қолдан, суықпен дос болма.

4626. Құрғақшылық, суық артса, ыстық және жас нәрсені дайында. Бұл екеуі оларға жауап қайтарады.

4627. Бұл ылғал, суық артса, саған зиян қылса, ыстық және құрғақпен оларды бас.

4628. Табиғатың суық болса, ыстықпен күшейт. Ыстық болса, салқын нәрселерді ішіп, жеп тұр.

4629. Егер жылы болса, онда табиғатың белгілі. Ыстық суықты араластырып, үлесін бер.

4630. Дұрысы, денсаулығыңды осылай күт. Есен-сау және тыныштықта өмір сүр.

4631. Оташы не айтқан, тыңда. Мұның мәнісін ұқ, өмір сүр, қозым.

4632. Сенің табиғатыңды мен айтайын, қызыл, сары, ақ, қара.

4633. Бұлардың бірі біріне жау. Дұшпан дұшпанға жақындағанда айырылады.

4634. Денсаулығын сақтау үшін адам ақылды болу керек. Жарамды не болса, сол ғана желінсін.

4635. Кісі мен жылқының (малдың) айырмасы осы. Денсаулыққа жарамдысын жесе, әй, ұл.

4636. Ақсақал не деген, тыңда енді. Сен мұны ұғуға тырыс, тұрып қалма.

4637. Кісі қырық жасап, өз табиғатын (денсаулығын) білмесе, оны қалай айтсаң да, мал (жылқы).

4638. Адам көргенінен тәжірибе жинамаса, білмесе, оны адам деп санама, әй, арлы адам.

4639. Басынан өткізсе де, әрекетін түземеген адамды «мал» (жылқы) десе, дұрыс айтылған болады.

4640. Уақыт, заман өткенде адам данышпан болмаса, оны «адам» деп атама, «мал» деп ата.

4641. Қарап көрсең, емшілер жақсы айтыпты. Тамақты аз жесе, адам есен-сау және көңілді болады.

4642. Қара, ауырмай есен-сау болуды қаласаң, «аз» атты дәріні жеп өмір сүр, әй, Тегін (ханзада).

4643. Жаның тыныштықта ұзақ жасауды қаласа, «тіл» атты етті жеп өмір сүр, әй, түзу адам.

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы

4567. Одғұрмыш: «Сөзіңді түгел тыңдадым, әй, мінезі түзу жан» деп жауап берді.

4568. Саған айтатын тағы бір сөзім бар, сен маған оны да ашып айтып бер.

4569. Мен кісілермен аралассам, күлімдеп барып, келуім керек.

4570. Күмәнсіз, мені асқа шақырады. Мен шақырсам, олар да маған келеді.

4571. Асқа қалай барып, асты қалай деуім керек. Шақырса оларды қалай шақыруым керек, досым.

4572. Мұны да анықтап айтып бер. Бұл істен де үлесімді алайын.