Таңдау
тТ

Күнтуды Елігтің Одғұрмышқа үшінші жолы шақыру жібергенін айтады

4934. Бір күні Еліг Өгдүлмішті шақырды. «Саған бір тапсырма беремін, орындауың керек» деді.

4935. Шақырдым, туысың маған келмеді. Мен де бұл, арман, тілегіме жетпедім.

4936. Мен бұл тілегімнен бас тарттым. Енді тілегіме жетудің басқа жол таптым.

4937. Қара, менің ендігі тілегім мынау, өзім оның жүзін бір көрейін.

4938. Оған мен барайын немесе ол маған келсін. Ол зиярат үшін, әй, жүзі бақытты жан.

4939. Маған бір пайдасын тигізсін, үгіт, насихат берсін. Сосын кері қайтып, жасайтын ісін жасай берсін.

4940. Маған пайдасы тисін, оған зияны жоқ. Мен барлық қателігімнен арылайын.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

4941. Жауап берді де Өгдүлміш: «мына сөз шынымен орынды сөз, әй, құтты жан» деді.

4942. Еліг қалап тұрса, бұл істі орындайын. Маған әмір берілсе, оны қайта шақырайын.

4943. Барайын, бұл сөзіңізді айтайын. Еліг бармасын, мен оны келтірейін.

4944. Еліг тағы бір хат жазып жарылқасын. О таза адам хатты оқып сеніп, саған келсін.

Елігтің Өгдүлмішке жауабы

4945. Еліг: «Бұл хат енді неге керек, хаттан да сенімдірек сенімді сенсің, әй, зерек жан» деді.

4946. Хат сенуге болмайтындай адамға беріледі. Сенен сенімдірек басқа кім табылады?

4947. Барлық істің ішінде жүріп ақылы толысқан Иағма бегі не дейді, жақсылап тыңда.

4948. Елшіге сенсе, хат неге керек? Сенімді табылса, дайындық неге керек?

4949. Сөзіңді айтсаң, айтқан сөзін тыңдасаң, тағы да хат жазудың не керегі бар, әй, зерек жан.

4950. Бұл сонша ауыр келетіндей іс емес және бұл істен үркіп, жырақ қашатындай.

4951. Осынша-ақ сөзге (бола) хат жазып дайындау неге керек? Мен үшін сенетін адам да сенсің, хат та сенсің, әй, зерек жан.

4952. Маған келсін, кездессін және тезірек қайтсын. Мен оған күштеп тиым салмаймын, ерік бердім.

4953. Осы қажетім үшін мен сені жолдап тұрмын. Әдеппен шақыр, күштеп шақырма.

4954. Бері келмесе, мен оған барайын. Жүзін көрейін, кері қайтайын.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

4955. Өгдүлміш жауап берді де: «Бұл тілек болса, Баяттың (ежелден бар Тәңірдің) көмегімен толық орындалады» деді.

4956. Өзім тарапымнан тырысып, бұл тілеу, қалауыңызды түгел орындаймын.

4957. Еліг алтыны тыныш, есен болсын. Баят (ежелден бар Тәңір) барлық тілек, қалауын берсін.

4958. Орнынан тұрып, сыртқа шықты, аттанды, кері қайтты. Түсіп үйіне кірді, киімін (тонын) шешті.

4959. Қызыл жүзінің өңі солды, сары болды. Дүние жүзі таза алтын өңіндей болды.

4960. Күн жүзіне сары заферан сүрді. Жер жаһан өзін күлгін шырша өңіндей қылды.

4961. Көк жүзін ғашықтардың қасы жапты. Әлем хабаштық зәңгінің (хабаштық қара нәсілдінің) өңіндей болды.

4962. Жеді, ішті, дәрет алып, намазын орындады. Төсекке жатуды қалады, жатты, біраз ұйықтап қалды.

4963. Сары сандуғаш дыбыс шығарып, сайрады. Шошып оянды, ұйқысы келмеді.

4964. Оны тыңдап, бірақ ояу жатты. Ол үнге таңқалып, көңілі жұбанды.

4965. Ұйқысы қашты, түні тіпті ұзады. Күннің жарық болуын сағына күтті.

4966. Көк жүзі киген қара көйлегін жыртты. Сыртын көтерді, жарық жүзі ашылды.

4967. Өрлеп бара жатқан таңдаулы қыздың жүзі күлімдеп қарады. Дүниенің өрі һәм құзы да жарқырады.

4968. Туды, өрлеп келеді, жүзін көрсетті. Жер жүзінің өзені һәм аңғары жарқырады.

4969. Қайта тұрып, жуынды, киінді, дайындалды. Намазын қылды, жұмысында абыройлы болуы үші дұға қылды.

4970. Атын ұстады, мінді, бір баласымен туысына барды, қуанып, күлімдеп.

4971. Оның тұрған жеріне жақын барды да, атынан түсіп, есігіне ақырын жүріп барды.

4972. Қолымен есікті ақырын қақты. Туысы түсініп, орнынан тұрып, тез шықты.

Одғұрмыштың Өгдүлмішке сауалы

4973. Өгдүлміштің жүзін көрді де: «Әй, бауырым, істі создың» деді.

4974. Өзіңді қинап, неліктен бейнет шегесің. Менімен өштескендей неге араласасың.

4975. Жүр, кел, кірелік, сен неліктен қайта келдің, айт маған.

4976. Екі туыс осылайша үйге кірді. Заһид туысын қабағын түйді.

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

4977. Келген туысы: «Әй, түзу жан, қабағыңды түйме, әуелі сөзімді тыңда» деді.

4978. Сенің айтқан сөзіңді Елігке кем-кетіксіз жеткіздім, өзім де өтіндім.

4979. Еліг сөзіңді есітті, түгел тыңдады. Сөзіңді есітті және көп салмақтады.

4980. Әй, бауырым, енді сен қоя берді. Бұдан басқа бір тілегі бар.

4981. Бұл іске, саған мені елші ретінде жіберді. Әй, батыр, сен мені ұятты қылма.

4982. Әр нәрсенің шегі, өлшемі белгілі. Істе шектен шықпа, әй, даңқты.

4983. Ақылдының сөзі не деген, тыңда. Барлық нәрсенің заңдылығы әрі сөздің ұлысы.

4984. Сен қай істе болсын шектен шықпа. Шектен шықса берекесі қашады, ойлан.

4985. Әрбір істің заңдылығы, өлшемі, ережесі бар. Әрбір нәрсе өлшеміне сай дұрыс болады.

4986. Еліг енді алғашқы тілегінен бас тартты. Кездесуге жалғыз өзіңді шақырды, көмегіңді қыл.

4987. Сен барып, онымен кездес немесе саған келсін. Жүзіңді бір көрсін, әй, көңілі кең жан.

4988. Мұның саған зияны жоқ, әй, бауырым. Онан соң маған (тас бауыр) бола бер, әй, тас бауыр.

4989. Еліг өте жақсы сұлтан. Халыққа, кедейге жанашыр, жауыздықты жіті бақылайды. Халық жан-тәнімен жақсы көреді.

Одғұрмыштың Өгдүлмішке жауабы

4990. Жауап берді де Одғұрмыш: «Бұл сөз ақылға қонымды, әй, көңілі түзу жан» деді.

4991. Мұсылман мұсылманға бауыр, бауырын зиярат қылар, әй, көңілі түйдей жан.

4992. Бұл сөзге мойын бұрып, басымды иемін. Мен оны бүгін зиярат қылайын.

4993. Бұдан бұрын мен оған бармадым, ол менен өз пайдасын қалағаны үшін.

4994. Ол күйінді, тура жолды ұстанды. Мен де тура жолға түскенмін, сол себепті көндім, біл мұны.

4995. Елігке барайын, Еліг келмесін. Мен бейнет шегейін, оған бейнет келмесін.

4996. Еліг – мемлекеттің бегі, халықтың ұлығы. Оған бар құрметті қылып, қадірлеу керек.

4997. Әрекетін түзесе, сөзі тура болса, нәтижесінде мемлекетті жамандардың жолынан тазартса.

4998. Білімі теңіздей, ақылды, сабырлы, өресі биік, әзіз жан не деген, тыңда.

4999. Бектің жарлығын орындау салық төлеп отырған халыққа міндет. Кішісі де, ұлығы да тыңдап, құрмет тұту керек.

5000. Бектің өзін һәм сөзін құрметтеу керек. Ақшасы төленген құл (хинду) болса да.

5001. Елігтің жарлығын құрметтеймін. Зиярат қылу үшін жақын барамын.

5002. Қайтып бар, Елігке сөзімді жеткіз келеді деп, мұны өзім айтып тұрмын.

5003. Жарық дүние жүзіне пердесін жапқанда. Сол кезде барайын, әй, ескі жақыным.

5004. Күндіз мені кісі көрсе, соңымнан қалмас. Мен туралы сөйлеп, өзін отқа тастар (атар).

5005. Кәне, барғын енді сен, үйде күт. Мен саған барамын, онда жатпа, азырақ күт.

5006. Ең әуелі мен саған барып жолығайын. Не істейміз сосын барып жасармыз.

Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

5007. Өгдүлміш қуанып: «Бұл керемет жауап және көп сауап» деді.

5008. Енді мен тұрып, Елігке барайын. Айтайын бұл сөздерді, түсініп қуансын.

5009. Менен кейін сен сөзіңде тұр. Үміттеніп отырған сәтте өзің жет. 

5010. Екеуінің әңгімесі тоқтады, бір сөзге келді. Қабағы жазылып, қуанып тұрып, шықты.

5011. Сосын қатты уағдаласты: «Әй, бауырым, сөзіңде тұр, кел, әй, көңілі құрдас» деді.

5012. Күн жерге батып, жүзін жасырса, сосын дүние жүзі көмір терідей болғанда

5013. Мен сені күтемін, маған үйге кел. Сен үшін не істеу керек болса, сол істі жасаймын.

5014. Тұрып атына мінді, Елігке келді. (Атынан) түсіп, (сарайға) кірді, жол сұрап, Еліг алдына барды.

5015. Тыңдаған сөздерін Елігке жеткізді. Еліг қуанды, қабағы жазылды, көзі жайнады.

Елігтің Өгдүлмішке сауалы

5016. «Бұл істің барысы жақсы боп жатыр, оның айтқандары сенің айтқаныңдай шын болса» деді.

5017. Еліг тағы: «Қай уақытта келеді, мен онымен қайда жолығамын, әй, білгірім» деп сұрады.

Өгдүлміштің Елігке жауабы

5018. Өгдүлміш жауап берді де: «Кешке, жарық дүниенің жүзі барынша қарайғанда» деді.

5019. Ол менің үйіме келеді, Сен қашан кел десең, саған келеді. Елігтің Өгдүлмішке жауабы

Елігтің Өгдүлмішке сауалы

5020. Еліг: «Еңбектеніп, көп жүгірдің. Еңбегіңе сай Тәңірі қайтарымын берсін» деді.

5021. Менің дертімнің емі осы еді. Менің көңілімді қуантты.

5022. Сен үйіңде күт, келсе маған хабар бер. Менен саған шақырушы кісі барады.

5023. Бауырыңды алып, маған кел. Жүзін көріп, зиярат қылайын.

5024. Бұған ұқсас дананың сөзін тыңда, түп-төркінінде не деген.

5025. Кісі көңілі әрдайым тілеп, армандайды. Тілегіне жеткенде өзін жұбатады.

5026. Егер арман, тілегіне толық жетсе, онда көңілі көтерілер, сөзін қысқартар.

5027. Өгдүлміш «құп болады» деп орнынан тұрып, сыртқа шықты. Келіп түсті, үйіне кірді.

5028. Күн жерге еңкейді, жүзін жасырды. Қараңғыланып, дүние жүзін тұман жапты.

5029. Дүние қабағын түйіп, тұл тонын киді. Көк жүзі шайтанның жүзіндей қарайып, солды.

5030. Жыбырлағанның барлығы тынып тапты, көзін жұмды. Айқай-шу да тоқтады, тірілердің сөзі де.