Таңдау
тТ

Өгдүлміш Одғұрмыштың түсін жорығанын айтады

6037. Өгдүлміш жауап берді де: «Бұл түс – жақсы түс жән пайдасы көп» деді.

6038. Неліктен түсті өзіңе лайықсыз етіп жорисың. Түс жорығанындай болады, әй, көңілі биязы жан.

6039. Түсіңде көкке өрлеу болса, құрмет болады. Адам көтерілгеніне сай ұлық болады.

6040. Түсте қанша жоғарыласаң, құты, бағы өседі. Құрмет көріп, жүзі нұрланады.

6041. Сатымен өрлегені секілді бағы (құты) да өрлейді. Ұлық ретінде елде аты жайылады.

6042. Мінекей, бұл сөз оған дәлел. Түс жорушы бұл түсті өзі жорып қойған.

6043. Түсіңдегі саты – абырой, ол өрлегеніңе сай болады. Әрбір басқышын құрмет деп сана.

6044. Қанша көтерілсең, сонша абырой табасың. Дүниенің малы, билігі, бақыты сені өзі табады.

6045. Ыдыстағы суды алып ішкенің сенің өмірің ұзақ, жұлдызың (жарық), аспаның (ашық) болады.

6046. Көкке ұшып, өрлеп, толық шыққаның, не қаласаң да Тәңір тілегіңді береді.