Таңдау
тТ

Кітап иесі өзінің себебін айтады

192. Әй, данышпан дана, тілегім: өзімнен кейін келетіндерге сөзімді айту еді.

193. Ақылым қарсы келіп: «жіті қара, сөзің жаңылыс (қате) болса, сен қор боласың» деді.

194. Халықтың тілі жаман, сені сөз қылады. Кісінің мінезі қызғаншақ келеді, етіңді жейді.

195. Назар салып қарасам, жүгім жеңіл болды. Сосын өзіме «сөйле, сөзіңнің бәрін төк» дедім.

196. Не үшін десең, саған айтайын. Әй, мәрт батыр, тыңда сөзімді.

197. Адамның (иалңұқ) аты жаңылғаны үшін иалңұқ (адам) болды. Жаңылу адам үшін пайда болды.

198. Жаңылмас кісі кім, айтып бер маған?! Жаңылған мыңдаған (кісіні) айтайын.

199. Білімділер аз, білімсіздер көп еді. Білімсіздер білімдімен күресіп жүр.

200. Білімсіз білімдіге жау болды. Білімсіз білімдіге қарсылық қылды.

201. Кісіден кісінің көп айырмашылығы бар. «Бұл айырмашылық білімде». Тілім мұны айтады.

202. Бұл сөзімді білімілер үшін сөйледім. Білімсіздің тілін өзім де білмеймін.

203. Білімсізге еш сөзім жоқ менің. Әй, білімді, мен сенің қызметкеріңмін (құлыңмын).

204. Сөзімді саған айтқаным үшін именіп, осылай сенен кешірім өтінемін.

205. Сөз сөйлеуші қателесер һәм жазықты болар. (Оны) ақылды тыңдаса, дұрыс түсінер һәм түзетер.

206. Сөз – түйе мұрнындағы мұрындық. Інгеннің мойны секілді қайда жетектесе, сонда барар.

207. Білім үйрететін көп кісі бар. Мен үшін оны біліп үйрететін адам өте абыройлы.

208. Барша игіліктер – білімнің пайдасы. Мәселен, білім арқылы көк аспанның өзіне жол табылады.

209. Сен әр сөзіңді білімге сүйеніп сөйле. Әрбірінің білім арқылы өскенін біл.

210. Сөз қара жерге көк аспаннан түсті. Адам өзін сөзі арқылы құрметті қылды.

211. Кісінің көңілі түпсіз теңіздей. Білімді оның түбінде жатқан інжу деп сана.

212. Кісі інжуді теңізден шығармаса, мейлі інжі болсын, мейлі сайдың тасы болсын.

213. Қара жердің астындағы алтын болса да, ол – тас. Егер шығарылса, бектердің басында оқа болар.

214. Білімді білгенін тілінен шығармаса, оның білімі жылдар бойы жатса да, жарық бермес.

215. Ақыл мен білім жақсы нәрсе еді. Егер оны тапсаң, қолдан, көкке көтеріл.

216. Ақылы білім мен ақылдың не екенін білген, бұ мемлекеттің қала бегі не деген, тыңда.

217. Әлемді билеу үшін адамға мол түсінік керек. Халықты басқаруға ақыл һәм жүрек керек.

218. Әлемді билеуші оны ақылымен ұстады. Халықты басқарушы оны біліммен басқарды.

219. Адам баласы жер бетіне түскеннен бері әділ (ізгі) заң ақылдылардан келді.

220. Қай заманда болсын, бүгінге дейін мәртебелі орын білімділерге тиді.

221. Кісінің бұзығы ақылға салынып барып асылар. Халықтың бұлғағы (көтерілісі) біліммен тазартылады.

222. Бұл екеуі жолға қойылмаса, білімді таста. Сен қолыңды қылықша ұсын.

223. Дана, данышпан, халыққа басшы болған бектер білімсіздің ісін қылышпен ретке келтірген.

224. Әлемді билеу үшін адамның ақылы көп болсын. Халықты басқару үшін адам білімі көп болсын.

225. Бұл екеуі біріксе, адам кемел болады. Кемел адамға дүниенің бар нығыметі нәсіп болады.

226. Егер сен, екі дүниені қалайтын болсаң, дауасы – жақсылық, сен оны жаса.

227. Егер өзің жақсы болуды қаласаң, маңайыңа жақсылық жасап жүр, сөздің қысқасы.

228. Кісі мәңгі өмір сүрмес, мәңгі болатын – аты. Оның жақсы аты мәңгіге қалды.

229. Өзің мәңгі емессің, атың мәңгі. Атың мәңгі қалса, өзіңнің мәңгі жасағаның