Таңдау
тТ

Құмару Өгдүлмішке Одғұрмыштың өлгенін айтады

6286. Бауырының мүриді Құмару шығып, сәлем берді де көз жасын төкті.

6287. Оған қарай жүріп келіп: «Әй, бауыр, Тәңір сауаптан жазсын, көңілің жараланбасын» деді.

6288. Бауырың өтіп кетті, дүниені тәрк етіп. Өмірің тыныш, жасың ұзақ болсын.

6289. Жылама, сен енді сабырлы бол, тыйыл. Өмірде шығар жол жоқ, өлімнен басқа.

6290. Туған өледі, тәтті жан кетеді. Бек, құл не пайғамбар да қалмайды.

6291. Бұл өлім біздер үшін дайындалған. Өлімге шара жоқ не күшті қару жоқ.

6292. Мұны естіген Өгдүлміш дауыстап жылады. Ұрынды, тоқпақтады, көз жасын төкті.