Таңдау
тТ

Құмарудың Өгдүлмішке көңіл айтқаны айтылады

6293. Құмару келіп тыйды да: «Сабырлы бол, Баяттың (ежелден бар Тәңірдің) үкіміне көңіл, ақыл, тіліңмен разы бол» деді.

6294. Өлім келген күн төзу керек. Ол өлді, сен енді өлімге дайындал.

6295. Әй, ұл, сен неге жылап-сықтайсың. Кім ұрды, кім сөкті немесе кім қорлады?

6296. Бұл кетесі жанды оған Баят (ежелден бар Тәңір) берген еді. Енді қайта алды, жан шығып кете барды.

6297. Ол бері қарай кері қайтпас. Саған да, маған да тезірек артынан бару керек.

6298. Айтты: «Бауырыңның көрін көр. Зиярат қылып, сосын кері қайт.