Таңдау
тТ

Өгдүлміштің Одғұрмышты жоқтағаны айтылады

6299. Орнынан тұрып барды да, бауырының көрін көрді. Құшақтап жылады, көз жасын төкті.

6300. Әй, бауырым, тұрып маған қара. Жүзіңді көріп, шерім тарқасын.

6301. Сені көруді армандап келіп едім. Мен келгенде жүзіңді неге жасырдың.

6302. Әй, көңілімнің таңдаулысы, тәтті жанымның жаны. Әрі қарай сенсіз қалай өмір сүремін.

6303. Сені жатып түсімде ме көрдім! Көрдім де жоғалттым, жырақтап барып баттың.