Қоғамның құрылысы

Ханның Бас уәзірі Өгдүлміш Одғұрмышқа қоғамдық қарым-қатынастың заңдылықтарын түсіндіреді. Сұхбат барысында Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы көрсетіліп, әрбір сала өкілінің мемлекеттегі орны мен маңызы айтылады. Сонымен қатар, мемлекет қызметкерінің олармен қарым-қатынасы баяндалады. Аталмыш тақырып 4320-4526 арасындағы бәйіттерді қамтиды.

Түпнұсқада «қоғамдық байланыс» деп жазылмағанмен оқырманға түсінікті болу үшін бүгінгі термин қолданылып отыр. Бұл бөлімдегі мәліметтерден осыдан он ғасыр бұрын бабаларымыз құрған Қарахан мемлекетінде қоғамдық байланыстың жетілгенін аңғаруға болады.